#
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің «Еңбек-Қарағанды» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кісіпорыны

Құрсымды қайта өңдеу

Үлкен диаметрлі автокөлік шиналарын жоюдың технологиялық желісі кард бөлігін бөлуге, металлдық бөлігін резеңкеден бөлуге арналған. Жеке бөлігі қайта өңдеуге кетеді: авто шинаның металлдық негізі қайта балқытуға, корд және ысытылған резеңке үгіндіге дейін сындырылып, сатып алушымен жүзеге асырылады.

Технологиялық желілер:

  • Үстіңгі қабатты шешуге арналған жабдық корд қабатына дейінгі автошинаның резеңкесінің қыртысын шешіп, ары қарай шинаны дөңгелектерге кесу үшін арналған;

  • Шредер. Резеңкеден шешілген қыртыстарды 40-тан 50 мм-ге дейінгі фракцияларға ұсақтауға арналған;

  • № 1 коныейер. Резеңкені шредерден № 1 ұнтақтағышқа көшіреді;

  • № 1 ұнтақтағыш. Шредерден кейін резеңкені 10-нан 15 мм-ге дейінгі фракцияларға ұсақтауға аналған;

  • № 2 конвейер. Резеңкенің ұнтақтарын № 1 ұнтақтағыштан № 2 ұнтақтағышқа көшіреді;

  • № 2 ұнтақтағыш. Резеңкені 0,1-ден 5 мм-ге дейінгі фракцияларға ұсақтауға арналған;

  • Циклон. Резиналық үгіндісінің көтерілуі және корд жіптерінің келесі ауысуында дірілелекке түсуі жүреді;

  • Дірілелек. Үгіндіні 3 фракцияға бөлуге арналған:

    1. 0,1-ден 1 мм-ге дейін;

    2. 1-ден 2 мм-ге дейін;

    3. 2-ден 5 мм-ге дейін.

Қызметтер

Бізбен байланысқа шығыныздар